Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

Ақтөбеде балаларға манту орнына БЦЖ салған дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220929124523799e
 «Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөлімі манту орнына вакцина салған медицина қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша іс қозғады. Қазіргі кезде қажетті медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының бақылауында болады», - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, Ақтөбеде 42 оқушыға манту сынамасының орнына БЦЖ салынған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қателік кеткенін мойындап, ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізгенін айтты.

Жергілікті жерде бірден екі комиссия құрылды.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларына манту сынамасын жүргізбестен БЦЖ вакцинасын салу фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады.

Вакцинаны шатастырған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале