1.03.2023, 11:30
Оқылды: 62

Алғыс айту күні: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығында 12-ге жуық өзге ұлт өкілі қызмет етуде

1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың достығы мен бір-біріне деген құрметін арттыру. Қазіргі таңда елімізде 130-ға тарта ұлт пен ұлыс бірлікте, ынтымақта өмір сүруде. Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік басқармасының ұжымында бүгінгі күні 12-ге жуық өзге ұлт өкілі қызмет атқаруда. Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында біз «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерімен әңгімелесуді жөн көрдік.

97636B7C-269F-4D62-B610-419EC4D840FC

Алғашқылардың бірі болып «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының қызмет бастығы, подполковник Евгений Торорощенконы әңгімеге тарттық.

«Біздің елімізде ұлттық ерекше күндер күнтізбесіне бірінші наурыз – Алғыс айту күні ретінде белгіленді. Осы жылы біз бұл мерекені сегізінші рет қарсы алғалы отырмыз. Бұл мерекенің елімізде пайда болуы – достықтың, ауызбіршіліктің артуына берер әсері мол деп білемін. Менің ұлтым украин болғанымен, жолдасым қазақ қызы. Ол да Ұлттық ұлан қатарында 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып зейнетке шыққан жан. Қазіргі таңда Дайана, Данели, Артур есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отырмыз. Ұлттық ұлан әскер қатарында 22 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келемін.

Өзімнің туып, өскен Отаныма пайдамды тигізіп, елімнің тағдырына жауапты болу менің басты парызым. Барша қазақстандықтарды мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін», - деп алғысын білдірді ол.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық басқармасының аға офицері Чулкин Анатолий Анатольевичті те өз алғысын білдірді.

45B49B6F-3E0B-4EA2-A622-9C997EDD3A63

«Алғыс айту күні – ел азаматтарының бір-біріне деген құрметін көрсететін күн. Көктемнің алғашқы күнінде келетін Алғыс айту күні еліміздің басты байлығы – қазақ халқының бірлігін одан әрі нығайтуға ықпалын тигізетініне сенімдімін. Бұл күн бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.

Біз қазақ жұртшылығының біртұтас ажырамас халық екендігін әрқашан мақтан тұтамыз. Мен ҚР Ұлттық ұлан әскери институты қабырғасында оқып жүргенде мемлекеттік тілде ауызекі сөйлеуді үйренгем. Қазіргі таңда маған өңірлік қолбасшылықтың басқармасында мемлекеттік тілді оқыту бойынша өткізілетін сабақтар қызметте көмектеседі. Менің де жолдасым – қазақ қызы. Қазіргі таңда адал жарым Мейрамгүл екеуміз тату-тәтті бір шаңырақтың астында Максим, Милана есімді ұл-қызымызды тәрбиелеп отырмыз.

Барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік. Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін», - деді ол.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің мерзімдік әскери қызметшісі қатардағы Непке Даниил Владимирович те Алғыс айту күнімен құттықтады.

E842B49A-B5E4-4B15-8E70-BFE57F02DB9B

«Бүгінде егемен Қазақстанның ашық аспаны астында, өздерінің тілі мен мәдениетін сақтай отырып, барлық ұлт өкілдері бақытты ғұмыр кешуде. Мен өзімнің тарихи Отаным – Германия елі туралы ұмытпаймын, бірақ барлық күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді туған еліме, жеріме беруге міндеттімін деп санаймын.

Алғыс айту күні – барлық Қазақстан халқын біріктіретін мереке. Менің ойымша, бұл мереке қарсаңында біздің еліміздің әрбір азаматы туған-туыстарына, жора-жолдастарына, әріптестеріне Отанымыздың көк туының астында келісіммен бейбіт өмір сүріп жатқаны үшін алғыс айту керек. Бұл біреудің біреуге деген ризашылығы ғана емес, бұл Қазақстан халқының бір-біріне деген достығы мен махабатының жарқын көрінісі. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында бір-біріне деген достық пен құрметті арттыру, сондай-ақ еліміздегі ұлтаралық байланысты нығайту. Мен қазіргі таңда Ұлттық ұланның Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде өзімнің Отан алдындағы борышымды атқарып жүрмін. Біздің ротада қазақтар, татарлар, украиндар, белорустар, әзірбайжандар, қырғыздар және басқа да ұлт өкілдері тату-тәтті өз қызметтерін атқаруда.

Мереке қарсаңында барша Қазақстандықтардың шаңырағына шаттық толып, отбасыларыңызға бақ орнап, ырыс-несібе үйлеріңізден кетпесін дегім келеді, - деп сөзін түйіндеді Даниил Владимирович.

Капитан Ертуған Әубакир

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале