Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

10.09.2021, 9:54
Оқылды: 1068
Әнуар АРКЕНОВ, «Батыс су арнасы» ЖШС-ның бас директоры: «Бес жылда жұмсалған тиынның да есебін бере аламыз»

Жыл басында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті «Батыс су арнасы» ЖШС-ның соңғы бес жыл ішіндегі инвестициялық бағдарламасының орындалуын тексерді. Тексеріс нәтижесінде серіктестіктің инвестициялық бағдарламаны, 2017-2019 жылдары еңбекті қорғау және техникалық қызмет ету, пайдалану шығындары бойынша мойнына алған міндеттемелерді орындамағанын көрсетті. Осыған орай департамент монополист кәсіпорынға өтемдік тариф қолдануға шешім шығарды. Енді аталмыш мекеме 325 млн теңге негізсіз кірісті тұтынушыларға қайтаруы тиіс. Бірақ монополист мекеме мұндай шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Кәсіпорынның тыныс-тірлігі, түйткілді мәселелері, жоба-жоспарлары жайында аталмыш серіктестіктің бас директоры Әнуар Аркенов төмендегідей сұхбат берді. 

22

– Инвестициялық бағдарлама 325 млн теңгеге орындалмады, алайда мұндай қомақты қаржы із-түзсіз «жоғалып кеткен» жоқ, мақсатсыз жұмсалмады. Өздеріңізге белгілі, инженерлік желілердің барлығы ескі болғандықтан, жиі істен шығып қалады. Қаладағы 370 шақырымдық су құбыры желісінің 60%-ы тозған. Кәріздік желінің де жағдайы осындай. Соңғы екі жылда шаһардың кейбір шағынауданында тұтынушыларға салқын су берілмей қалу фактілері жиіледі. Апаттық жағдайлар кәріздік желілерде де орын алды. Мұндай келеңсіз жағдайларды түзетуге, желілерді дер кезінде жөндеуге  шығындануға тура келеді. Оның үстіне ондай шығындар аз болмайды, қомақты қаржыны қажет етеді. Осылайша инвестициялық бағдарлама бойынша желілерді күрделі жөндеуге бағытталуы тиіс қаржы-қаражат тұрғындарды сумен тұрақты қамту үшін желілердегі апаттық жағдайларды жоюға жұмсалады. Ал табиғи монополияларды реттеу комитеті мұндай шығындарды есепке алмайды. Сондықтан департамент 1 тамыздан бастап 6 ай мерзімге тұрғындарға 32,85 теңге, бюджеттік мекемелерге 269,54 теңге, өзге заңды тұлғаларға 208,96 теңге, кәріздік тариф 35,6 теңге шамасында өтемдік тариф енгізуге шешім қабылдады. Қазіргі тариф судың текше метріне 42 теңге шамасында. Бірақ біз мұндай шешімге мойынсұнбай мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап-арыз жаздық. Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жағдайды тү сіндіріп, қатынас хат жолдадық. Комитеттегілер қабылданып отырған шаралардың заң аясында екендігін айтып жауап берді. Соған қарамастан біз өз шындығымызды сотта дәлелдейміз.

– Әнуар Бөкенұлы, кәсіпорынның стратегиялық маңызды нысан екендігі белгілі. Желілерде ауқымды апаттық жағдайлар орын алғанда оны жоюға бюджеттен қаржы бөлінбей ме?

– Өткен жылдары кәріздік желілердегі апаттарға облыстық бюджеттен бөлінді. Бөлінген қаржыны игеруді биыл қолға алдық. Онда да қалыптасқан үрдістер бар, жобалық-сметалық құжаттамалар жасалуы керек, бір сөзбен айтқанда, оның барлығына уақыт керек. Сондық-тан қаланы ауыз сусыз, кәріздік желісіз қалдырмас үшін апаттарды жедел қимылдап жоюға тура келеді. Алайда сол апатты  учаскелердің желілерін, жабдықтарын толықтай жаңалап, кешенді жөндеуге енді кірістік. Неусыпов көшесіндегі диаметрі 800 мм-лік кәріздік коллектор жаңартылуда, уақытша №2 кәріздік сорғы стансасы  салынуда. Содан кейін негізгі стансаға жөндеу жасалады. Осының барлығы «Табиғи монополиялар туралы» заңдағы желілерді пайдаланудағы ерекшеліктерді, осындай апаттық жағдайларды ескермеген шикіліктерден болып отыр. Тарифтік сметада желілерді күтіп ұстауға, ақауларды жоюға, апаттық жағдайдағы құбыр бөліктерін жаңалауға, құдықтарды тазалау секілді профилактикалық жұмыстарды жүргізуге белгілі шамада қаржы қарастырылады, алайда ол қаржы мардымсыз. Кәсіпорын іс жүзінде ондай қаржыға ештеңе бітіре алмайды. Соңғы бес жылда жанар-жағармай бағасы әлденеше реет қымбаттады, жабдықтардың, металл прокаттың бағасы өсті. Алайда кәсіпорынның жасайтын жұмыстарына бөлінетін қаржы-қаражат шамасы сол бәз-баяғы қалпында қалды. Өйткені тариф 2016 жылғы, содан бері өзгермеді. Биыл тарифті өсіруге талпынғанбыз, ол да мақұлданбады. Сотқа тарифке қатысты да талап-арыз бердік. Өтемдік тариф енгізуге шешім қабылданғанға дейін «Батыс су арнасы» ай сайын 45 млн теңге шамасында шығынмен жұмыс істеді. Кейбіреулер айтып жүргендей, ешкім қаржыны «жеп» қойған жоқ, оның барлығы – кәсіпорында, қызметімізді салық құрылымдары, экономикалық тергеу департаменті  ұдайы тексереді. Бес жылда жұмсалған тиынның да есебін бере аламыз. Қаржыны инженерлік желіні ағымдағы жөндеуге, желісі тозық учаскелерді қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалғанын дәлелдейтін құжаттарымыз бар. Тек өткен жылдың өзінде су желілерінде 340 шамасында апаттық жағдайлар орын алды.

– Жұмысшылардың орташа жалақысы қай шамада?

– Серіктестіктегі жұмысшылардың (слесарь, жүргізушілер, механизаторлар)  орташа айлығының шамасы – 110-120 мың теңге.  Инженертехник қызметкерлердің жалақысы 130-140 мың теңге. Жалақының төмендігінен мамандар тұрақтамайды. Кейбір жұмыс мамандарымыз жазғы маусымда жұмысты тастап, жақсы табыс іздеп кетеді, кейде күзге салым қайтып келіп те жатады. Әсіресе, жүргізушілер, дәнекерлеушілер жол құрылысы жұмыстарына барады. Ондағы жалақы біздегіден екі есе жоғары. Бізде жалақы 2014 жылы өсірілген, жыл сайын инфляция деңгейінен 5-6 пайызға индекстеледі.

– Облыс орталығы Орал қаласының аумағы жыл санап ұлғайып келеді. Шеткі шағынаудандарға су жетпей, тұрғындардың наразылығын жиі тудырып жүр. Бұған қатысты қандай жұмыстар істелінбек?

– Қазіргі кезде қала әкімдігі Камен топтық су құбырын қайта құрудың, жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтайды. Топтық су құбырының инженерлік желілері жөнделіп, жаңа ұңғымалар қазылады. Содан кейін Зашаған, Деркөл кенттері және жаңадан бой салынатын Ақжайық шағынауданы ауыз сумен іркіліссіз қамтамасыз етілмек.  Шаһар Жайық өзені мен Бәйтерек ауданындағы Трекин ауылы аумағындағы жер асты су қорынан сумен қамтылуда. Енді бұлардың қатарына алдағы екі жыл шамасында тағы бір су көзі Камен топтық су құбыры қосылады.

– Әнуар Бөкенұлы, өркениетті елдерде суды үнемдеу мақсатында сарқынды суды тазалап, техникалық суға айналдыру технологиялары кеңінен қолданылады. Бізде озық технологияларға ұмтылыс бар ма?

– Бізге астаналық компаниядан бір ұсыныс түсті. Қанатқақты жоба аясында қыркүйек айында осындай технологиялық бір жабдық жеткізіледі. Жабдықты жеткізуші оны сынақтан өткізуге қарсы емес. Сынақ жақсы өткен жағдайда, оны сатып алып, орнатамыз. Шағын жабдық таза ауыз су емес, тәулігіне 600 текше метр техникалық су өндірісіне пайдаланылады. Техникалық суды бақшаны суаруға, көлік жууға, технологиялық мақсаттарға жұмсауға болады. Бір кездері техникалық су  керек деген кәсіпорындарға қатынас хат жібердік. Мысалға, «Кублей» зауытында өндірістік мақсатта техникалық емес, ауыз суды пайдаланып отыр. Бүгінде кәріз суын  техникалық суға айналдыратын технология  көп. Су тапшылығын болдырмау үшін жаңа технологияларға көшуіміз керек.

– Жайық өзені тайызданып, суы тартылып барады. Соған орай биылғы көктемде облыс басшысы «Жайықжылуқуат», «Батыс су арнасы» кәсіпорындарына барған кезінде Жайықтан су алу мөлшерін азайту жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта қандай шаруалар жасалуда?

– Иә, осы бағытта бірқатар шаруалар атқарылуда. Трекин аумағындағы жер асты су қоры орнынан ұңғыма қазып, қалаға су беру жобасы жасақталған. Осы жоба негізінде биыл 16 ұңғыма қазылды.  Тағы 5 ұңғыма қазылады. Бұрын ондағы су мұнарасы қалалықтарға тәулігіне 25-30 мың текше метр су беретін болса, ұңғымалардың барлығы іске қосылғаннан кейін су мөлшері 40 мың текше метрге жетпек. Бірақ мәселе – басқада, суды өндірерміз-ау,  оны   қалаға қалай жеткіземіз? Осыған орай облыс әкімі жұмыс істеп тұрған су сорғыларын қайта құру, жаңғырту және жаңасын салу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға тапсырма берді. Одан басқа шаһарға   суды жеткізетін қосымша  құбыр  салу  керек. Бұған қомақты қаржы қажет. Қазір қаржы мәселесі шешілуде. Жайықтан су сорып,  оны тазалайтын қондырғы   жобасы жасақталып жатқанына үшінші жылға аяқ басты. Биыл сол жоба сараптамадан өтуі тиіс. Жобаның бастапқыдағы құны 7,2 млрд теңге болды. Биыл металл бағасы екі есе қымбаттады, соған қарай жобаның құны қайта нақтыланатын шығар. Жобаға қаржы бөлініп, жүзеге асырылған жағдайда өткен ғасырдың 60-жылдары салынған су тазарту қондырғысы жаңаланады. Бізде су тазарту технологиясы ескірген. Шаһардың етек-жеңі жайылып, халқының саны өсіп барады. Соған орай суға сұраныс өсіп отыр. Сондықтан қондырғыларды жаңаламасақ, күні ертең қалаға су бере алмай қалуымыз ықтимал.

– Әнуар Бөкенұлы, білуімізше, сіз – жылумен қамту саласының инженерісіз...

– Иә, мамандығым - жылу технигі.  Жоғары оқу орнын бітірісімен, Қарағанды қаласындағы су арнасы кәсіпорнында  желілерді жөндеу, пайдалануға беру мастері болып еңбек жолымды бастадым. Одан кейін өндірістік-техникалық  бөлім басшысының орынбасары, бөлім бастығы, Теміртау қаласындағы сумен қамту кәсіпорнында басшылық қызметте  болдым.  17 жыл еңбек өтілімнің 12 жылында сумен қамту, су жеткізу салаларында  қызмет еттім. Жол құрылысы, инженерия саласында да еңбек еттім.

– Сұхбатыңызға рақмет. Елге қызметіңіз жемісті болсын!

 

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале