24.10.2023, 16:30
Оқылды: 185

Асан ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Бұл осымен облыста ашылып отырған төртінші дәрігерлік бөлімше.
Облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарланған болатын. Бүгінгі медициналық нысан сол жоспарға сай салынып отыр. Бұған дейін облыста дәл осындай үш медициналық пункт салынып, пайдалануға берілген еді.

25 фап (5)
Бәйтерек ауданының Асан ауылында салынған амбулаторияның ашылу салтанатында аймақ басшысы былай деді:
- Фельдшерлік-акушерлік пункт орталықтандырылған су және автономды жылытумен заманауи газдандырылған. Бүгінгі таңда фельдшер, акушер, санитар және техникалық қызметкер жұмыс істейді. Штатқа медбике енгізу жоспарлануда. Қажетті медициналық қондырғылар мен құралдар, жиһаз және оргтехникамен жабдықталған.

25 фап (4)

Бұл орталықта тексеру кабинеті, фельдшердің кабинеті, акушердің кабинеті, фильтр, изолятор, екпе кабинеті қарастырылған. Осы салтанатты сәтте облыстағы барлық медицина қызметкері мен ардагерлерін Республика күнімен құттықтай отырып, халықтың денсаулығын сақтауға қосып жатқан баға жетпес үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын орынға айналуына шын жүректен тілектеспін! Еліміздің егемендігі баянды болсын, - деді ауыл тұрғындары алдында сөз алған облыс әкімі нариман Төреғалиев.

25 фап (7)

Айта кетейік, бұрын Асан ауылында ескі, әбден тозығы жеткен амбулаториялық орталық болыпты. Енді ауыл халқына бүгінгі заманауи орталық қызмет көрсетіледі. Асан ауылында 2000-нан астам адам тұрады.

25 фап (1)

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

25 фап (3)

25 фап (6) 25 фап (8)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале