10.06.2026, 12:15
Оқылды: 27

Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Каспий теңізі акваториясында штурмандық жорық өткізді

Әскери теңізшілер Каспий теңізінің орталық бөлігінде кемелерді басқару және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты бірқатар оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін орындады, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

_gluster_2026_6_10_4e412f6d12d5e5424e61c57d0ff73a7f_1280x720

Жорыққа қатысушылар вахталық ауысымдар құрамында әрекет етіп, штурмандық вахтаны өз бетінше атқару дағдыларын жетілдірді.

– Іс-шаралар кәсіби шеберлікті, кеме жүргізу дағдыларын және штурмандық қызметті ұйымдастыру деңгейін арттыруға бағытталды. Мамандар вахталық офицер ретінде іс-қимылдарды пысықтап, штурмандық вахтаны атқаруға дайындықтан өтті, – деп нақтылады «Орал» зымыран-артиллериялық кемесінің штурмандық жауынгерлік бөлімінің командирі аға лейтенант Асылбек Оразбаев.

Теңіз аймағының ерекшелігін зерделеуге, навигация әдістерін тәжірибеде қолдануға, бағытты белгілеу мен қалыптасқан жағдайға қарай кеменің бағытын түзету дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік дайындық қызметтік-жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада өткізілді. Бұл әскери қызметшілерге штурмандық қызметті ұйымдастыруда қосымша тәжірибе жинақтауға, жағдайды жедел бағалауға және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін нығайтуға мүмкіндік берді.

Штурмандық жорық аяқталғаннан кейін офицерлер даярлықтың негізгі бағыттары бойынша сынақ тапсырып, жоғары деңгейдегі білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.

Штурмандық даярлық әскери-теңіз мамандарының жауынгерлік машығының негізгі элементтерінің бірі саналады. Ол жеке құрамның жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтап, теңіз шебін қорғау міндеттерін тиімді орындауға және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале