Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Астана қаласында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» мекемесі тұрғындарға арналған тегін қазақ тілі курсын ұйымдастырады.

Фото: istockphoto.com
Тіл үйренгісі келетін азаматтардан өтініштер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданады, ал сабақтар 3 тамызда басталады деп жоспарланған. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін оқыту форматы онлайн және офлайн түрде ұйымдастырылады, ал сабақтар аптасына 3 рет өтеді. Курсты толық аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификат табысталады.
Тіл үйрену курсына тіркелу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет мекенжайы бойынша жүгіну қажет. Құжаттар дүйсенбі мен жұма аралығында, таңғы сағат 07:30-дан кешкі 17:00-ге дейін қабылданады.
Қосымша сұрақтар мен толық ақпаратты +7 (7172) 24-90-52 немесе +7 707 497 71 43 байланыс телефондары арқылы нақтылауға болады.