27.05.2022, 14:45
Оқылды: 209

Ауруханадағы өрт кезінде 11 нәресте көз жұмды

Сенегалдық Тивауан қаласында ауруханада болған өрт кезінде 11 нәресте көз жұмды. Бұл туралы ел президенті Маки Салл Twitter парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

17

"Мен қазір ғана Тивауан ауруханасының неонатология бөлімінде болған өрттен 11 нәрестенің көз жұмғаны туралы ауыр хабарды естідім”, — деп жазды Салл. Ол оқиға туралы басқа мәліметтер айтқан жоқ.

Президент көз жұмған сәбилердің отбасыларына көңіл айтты.

Reuters елдің денсаулық сақтау министрі Абдулай Диуф Сарраның айтқанына сүйеніп, өрттің алдын-ала себебі – қысқа тұйықталу екенін жазған.

Тивауан елдің батысында, астанасы Дакардан шамамен 80 км жерде орналасқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале