18.11.2026, 19:00
Оқылды: 0

Ауыл мектептерінің 433 оқушысы республикалық олимпиаданың финалында бақ сынап жатыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 16-20 қараша аралығында Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі өтуде.

IMG_20261118_185044_028

Фото: oqu_agartu

Еліміздің барлық өңірінен келген 10-11-сынып оқушылары екі турда жеті пән бойынша білімін сынайды.

Олимпиада ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған. Республикалық дода оқушыларға өз қабілетін танытуға, қатарластарымен тәжірибе алмасуға және қызығушылық танытқан пәндерін тереңірек меңгеруге жол ашады.

Биыл олимпиаданың екі бағыты бойынша ауыл мектептерінен 135 мың оқушы тіркелді. Мектеп кезеңіне 90 мыңнан астам, аудандық кезеңге 70 мыңға жуық, облыстық кезеңге 16 мыңнан астам оқушы қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2026-2027 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болады.

Финалға қатысқан барлық оқушы «Дарын» республикалық сырттай мектебінде білім алып, алдағы зияткерлік сайыстарға дайындалу мүмкіндігіне ие болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале