28.07.2023, 11:30
Оқылды: 109

Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті лауазымына тағайындалды

Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті лауазымына тағайындалды, деп жазады zhaikpress.kz ҚР-ның Мәдениет және спорт мниистрлігіне сілтеме жасап.

c0030a91-f015-4395-989d-5395815e3221

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Мерке ауданы Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын театр және кино актер мамандығы бойынша бітірген

Еңбек жолын 2000 жылдың маусым айында Қостанай облыстық қазақ драма театрында артист лауазымынан бастады

2001 жылдың қарашасынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып қызмет атқарды

2013 жылдың желтоқсаннан бастап 2018 жылдың тамызына дейін «Қазығұртфильм» ЖШС кадр және шығармашылық жұмыс жөніндегі атқарушы директоры болды

2018 жылдың желтоқсаннан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры лауазымын атқарды

2022 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале