19.02.2022, 9:40
Оқылды: 162

Әзербайжанда екі адам минаға түсіп қалды

Әзербайжанның Тертер ауданында екі адам минаға жарылып, зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық минадан тазарту агенттігіне (ANAMA) сілтеме жасап.

210708191652304e

Жол қызметінің қызметкерлері минадан тазарту жұмыстары жүргізілмеген аумақта минадан жарақат алған. 59 жастағы Алышан Сафаров пен 57 жастағы Фатг Сафаров түрлі дәрежедегі жарақат алды. Зардап шеккен ер адамдар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың №42 жол-пайдалану басқармасының қызметкерлері екендігі анықталды. Қазіргі таңда жауаптв органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бір ай бұрын - 18 қаңтарда Әзербайжанның Геранбой ауданы Тапгарагоюнлу ауылында ауыл тұрғыны минаға жарылып, салдарынан оның сол аяғы тізеден төмен ампутация жасалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале