19.01.2022, 15:00
Оқылды: 82

Әзербайжанда мина басып кеткен ауыл тұрғыны аяғынан айырылды

Әзербайжанның Геранбой ауданының тұрғыны Тапгарагоюнлу ауылының маңайында жаяу әскерге қарсы қойылатын минаны басып, жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

220119090729991e

Геранбой ауданының прокуратурасы аудан тұрғынының минадан зардап шеккені туралы ақпарат таратты. Ведомствоның хабарлауынша, 1996 жылы туған аулы тұрғыны Мамедов Вугар Магсудоглу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде мина басқан.

Оқиға Әзербайжанның Геранбой ауданы Тапгарагоюнлу ауылының аумағында тіркелді. Ол ауруханаға жеткізіліп, оқиға салдарынан аяғы кесіп алынды. Прокуратура қызметкерлері оқиға орнына тексеріс жүргізді, сот-медициналық сараптама тағайындалды, аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетейік, 20 қараша күні 1972 жылы туған Шахин Гараев дәл осы аумақта ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде мина басып, түрлі дәрежеде жарақат алған. 17 қаңтар күні Әзербайжан Республикасының Минадан тазарту жөніндегі агенттігі (ANAMA) азаматтарға мина қаупі туралы хабарлаған болатын.

Агенттік ереже сақтап, тұрғындарды мина жасырылған жерлерге шықпауға шақырды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале