3.10.2026, 17:30
Оқылды: 2

Азиада-2026: таеквондошы Тамирлан Тілеулес тарихи жетістікке жетіп, алтын медаль жеңіп алды

ҚР ҰОК хабарлауынша, отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

IMG_20261002_230033_777

Фото: Арлан Олжабай

Тамирлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Кездесудің қорытындысы бойынша Тілеулес 2:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале