7.03.2022, 18:10
Оқылды: 181

Бали 23 елдің туристері үшін карантинді алып тастады

Индонезия билігі Бали аралына 23 елден келетін шетелдіктер үшін карантинді алып тастады.
e2a212d3cb774f71802852b029779ac3
Сурет: pixabay

Rg.ru сайтының хабарлауынша, бұл елде визалық режим де жеңілдетілген.

Бали губернаторы Уэйан Костер COVID-19-ға қарсы толық вакцинациядан өткен туристер визаны тікелей шекарада иелене алатынын хабарлады.

Индонезияда коронавирусқа қарсы иммундау үшін 11 дәрі-дәрмек мақұлданған, соның ішінде Sputnik V да бар.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале