1.06.2017, 16:03
Оқылды: 77

Батырдың отбасымен кездесті

Batirdin otbasimen kezdesti  Осыдан бір жыл бұрын бесінші маусым күні Ақтөбеде қайғылы оқиға орын алған еді. Лаңкестер салған ойраннан кейін қаншама отбасы қайғы жұтып, бүлдіршіндерді әкесіз қалдырып жетімдіктің тауқыметін тартқызған болатын.

  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері мен Орал қалалық мәслихат депутаты Ләззат Рысбекова Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімшесіне лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Берік Қалиевтің отбасымен кездесіп, балаларын арнайы мерекемен құттықтап, сыйлықтар тарту етті.


  Қазіргі таңда батырдың жары төрт баласымен бірге Орал қаласында тұрып жатыр. Жасотандықтар балалармен бірге ойындар ойнап, арнайы қойылымдармен тамаша көңіл күй сыйлады.

   - Қалың көпшілікті жауыздардан аман сақтау үшін өз жандарын құрбан еткен азаматтар алдында біз мәңгілік қарыздармыз. Олардың отбасыларына көмек пен қолдау көрсету баршамыздың борышымыз деп білемін.Осы орайда жасотандықтар Берік ағамыздың  отбасына балаларына әрқашан көмек қолдарымызды созып,жәрдем етуге дайын екенімізді жеткіздік,  - дейді «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы менеджері Мөлдір Сапар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале