1.03.2022, 17:10
Оқылды: 83

Батыс Қазақстан облысында 272 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді

Батыс Қазақстан облысында 272 003 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

211211082038536e

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 65,6 пайызы. Сондай-ақ 259 251-і (62,6 пайызы) екінші екпені қабылдады. Облыс бойынша 62 375 адам ревакцинациядан өтті.

Pfizer компаниясының вакцинасымен 10 409 адам егілсе, соның 384-і – жүкті, 4 607-сі – бала емізетін әйелдер, 5 416-сы – жасөспірімдер, екеуі – мүгедектер. Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 49 579 адам коронавирус жұқтырды.

Күні бүгін 14 инфекциялық стационарда 42 науқас жатса, соның 9-ы ауыр халде. Жыл басынан бері 40 науқас коронавирустан көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жыл басынан бері мыңнан астам оқушыдан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале