13.09.2022, 14:30
Оқылды: 112

Батыс Қазақстан облысында «Бекет-2022» кешенді оқу-жаттығуы өтуде

Оқу-жаттығу барысында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дағдарыстық жағдайды еңсеруді, сондай-ақ сырттан қауіп төнген кездегі әртүрлі сценарийлерді пысықтайды.

15

Іс-шараларға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның жедел топтары қатысады.

14

Кешенді оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейін, жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының үйлесімділігін арттыруға, бірлескен тапсырмаларды орындау арқылы жеке құрамның машығын жетілдіруге бағытталған.

16

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале