6.10.2024, 7:30
Оқылды: 101

Батысқазақстандықтар референдумға белсенді қатысып жатыр

Батыс Қазақстан облысында атом электр станциясын салу бойынша референдумға дауыс беру басталды. Бүгін өңірдегі учаскелер ашылмай жатып, референдумға қатысуға келген батысқазақстандықтардың қарасы қалың болды.

617db017-8f00-4009-9692-e0db7006489d

Алғашқы референдум учаскесі таңғы сағат 6:00-де ашылды. Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7:00-де басталды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі.

№268 референдум комиссиясының төрағасы Алтынгүл Қайырлиеваның айтуы бойынша, сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

– Біздің сайлау учаскесінде 1 421 адам тіркелген. Батысқазақстандықтар референдумға белсенді атсалысып жатыр. Үйден дауыс беруге үш өтініш түсті, түске дейін әлі де қабылдаймыз. Әртүрлі ұйымдардан бірнеше бақылаушы жұмыс істеп жатыр. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз, - дейді ол.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында 496 референдум учаскесі жұмыс жасап жатыр. Азаматтар сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале