Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтпаевтың алдағы матчке қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Фото: tengri_kz
Естеріңізге сала кетсек, 18 жастағы футболшы 3 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы ойында жарақат алып, содан бері алаңға шықпаған болатын.
Бапкердің айтуынша, отандасымыз 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы Чемпионшип матчінде қайтадан сапқа қосылуы ықтимал.