1.11.2024, 9:45
Оқылды: 269

Бір жылда көп әйел алуды насихаттаған 14 өзбекстандық жауапқа тартылды

Бір жыл ішінде көп әйел алуды насихаттаған және адамды жынысына байланысты кемсіткен 21 өзбекстандық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

IMG_0562

Сурет: pixabay.com

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Азиз Абидовтың айтуынша, екі немесе одан да көп әйелімен бірге тұруды насихаттағаны үшін 14 адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 13 өзбекстандыққа айыппұл салынса, біреуі әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар қамтылып отырған кезеңде адамды жынысына байланысты кемсіткен 7 адамға жаза қолданылған. Атап айтқанда, олардың барлығына айыппұл салынды.

Еске салайық, аталған құқықбұзушылықтарды жасаған адамдарға қатысты қолданылатын тиісті баптар былтыр күзде Өзбекстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне енгізілген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале