4.02.2020, 13:24
Оқылды: 129

Биыл Бәйтеректе бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асады

2019 жылы Бәйтерек ауданында 18,3 млн. теңгеге жеке инвестиция тартылған. 20 шағын және орта бизнес нысаны іске қосылып, жұмыс жасауда.

baiterek (43)

Аудан әкімі Асхат Шахаров қорытынды кездесуде биыл жүзеге асатын инвестициялық жобалар туралы айтып берді.

-«World Green Company» ЖШС қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай кешенін салмақ. Жобаның мқұны - 13 млрд. теңге. Қуаты жылына 4,4 мың тонна қияр, 3,5 мың тонна қызанақ өндіре алады. Құрылысы басталғанда 100 адам жұмысқа алынады. Кейін 160 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

baiterek (26)

Белес ауылында орналасқан виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығы, «Дата Центр» Орал технологиялық паркінің» есептеу орталығының интернет-платформаларын орналастыру және қызмет көрсету орталығы жұмысын бастайды. Құрылыс бағасы - 9,5 млрд.теңге.

«Aquazor» ЖШС балық шаруашылығын қолға алып, баррамунди мен клариев жайынын өсірмек. Жобаның құны - 13 млрд.теңге.

 Январцево ауылында «Bayston» ЖШС қуаты 4 тонна болатын жеміс-көкөніс қоймасының құрылысын бастайды. Оның құрылысына - 2.5 млрд. теңге жұмсалмақ, - деді жаңа жылдағы жоспарлармен бөліскен аудан әкімі А.Шахаров.

baiterek (30)

Биыл барлығы 53 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале