Казталов ауданы әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағында болды
1 Қазан 2022

Казталов ауданы әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағында болды

Бүгін – халықаралық қарттар күні
1 Қазан 2022

Бүгін – халықаралық қарттар күні

Экология министрі БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді
1 Қазан 2022

Экология министрі БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақынын ардақтаған Ақжайық
30 Қыркүйек 2022

Ақынын ардақтаған Ақжайық

Подстепныйлық қарияларға құрмет көрсетілді
30 Қыркүйек 2022

Подстепныйлық қарияларға құрмет көрсетілді

Жұмыс тобы Теректіде
30 Қыркүйек 2022

Жұмыс тобы Теректіде

2.02.2021, 22:27
Оқылды: 312
Биыл елімізде су тапшылығы болуы мүмкін

ҚР Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

CE32A938-B651-41EE-A1BA-67E4936C7A83

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өткен жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы уақыттағы жоспарлары туралы баяндалды. Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына биылғы өсімдік өсетін кезеңді сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында айтты. Министрдің айтуынша, биыл қардың аз түсуіне байланысты елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл ретте Президент су арналарын цифрландыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жыл ішінде бүкіл республика бойынша 119 арнаны цифрландыру қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевқа балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны жайында айтылды. Мағзұм Мырзағалиевтің пікірінше, 10 жыл ішінде балық өндірісін 9 мыңнан 270 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар Президентке геологиялық барлау, экологиялық туризм және ұлттық парктердің жай-күйі туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министріне бірқатар нақты тапсырма берді.

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар