31.01.2020, 14:25
Оқылды: 274

Биыл Казталовта А.Оразбаева атындағы мектеп пен Сарықұдық мектебінің құрылыс жұмысы басталады

Бұл туралы халық алдындағы қорытынды есепте Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев мәлімдеді.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.47

Ауданда мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және 1-сыныпқа қабылдау толықтай автоматтандырылған.

-Балалар қауіпсіздігі үшін аудандағы 5 балабақшаға, 28 мектепке қосымша бейнебақылау камерасы орнатылды. Ауданда үш ауысымды мектеп жоқ. Үш мектеп пен бір колледж жатақханасы апатты жағдайда тұр. Күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру нысандары бар.

Биыл апатты деп танылған А.Оразбаева атындағы мектеп пен Сарықұдық мектебінің құрылыс жұмысы жүргізіледі.

Ал Жұлдыз ауылындағы А.Хұсайынов атындағы мектеп пен Жалпақтал колледжі жатақханасын салу жұмысы алдағы уақыттың еншісінде, - деді аудан әкімі А.Есалиев.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.35

Аудандағы А.Байтұрсынұлы, С.Есетов және Ғ.Молдашев атындағы мектептерге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалмақ.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында Казталов ауданындағы 4 елді мекенде құны 23 млн. 98 мың теңгеге спорттық ойын алаңы ашылған.

Казталов ауылында 320 орындық, Жалпақтал ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру орталығы салынбақ.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале