1.06.2017, 18:13
Оқылды: 20

Биыл облыстық бюджет 18,3 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

фото Халелова Рафхата (210) Соған байланысты облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді депутаттар мәслихаттың кезекті Х сессиясында мақұлдады.


Сессияда Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев 2017 жылға арналған бюджетті нақтылауды ұсынды. Оның айтуынша, республикалық бюджеттен 7,4 млрд. теңге көлеміндегі нысаналы трансферттер мен несиелеу қаржысы бөлінген. Соның ішінде агрокешен саласындағы жеке субъектілер үшін инвестициялық салымдарға 3,5 млрд. теңге, Орал қаласы мен Ақжайық және Жәнібек аудандардағы тұрғын үйлерді жаңғырту жұмысына 1,6 млрд. теңге қарастырылған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы ауқымында жеке кәсіпкерлерге бюджеттек несиелер беру үшін 500 млн. теңге бөлінбек.

фото Халелова Рафхата (242)Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешімін табу қарастырылған. Денсаулық сақтау саласына 233 млн. теңге, білім саласына 1,6 млрд. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласын дамытуға 1,1 млрд, теңге, әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етуге 573,9 млн. теңге, көгілдір отын жабдықтарын салуға – 179,6 млн. теңге, автожолдарды жөндеуге – 1 млрд, теңге, тұрғын үйлер салуға – 785,8 млн. теңге, су құбырлары құрылысына – 797,8 млн. теңге жұмсалады.

Жиында облыстық мәслихаттың қаржы және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Амангелді Таспихов құрылыс нысандарын саларда техникалық құжаттарды қоса дайындауға қаражат бөлу ұтымды болатынын жеткізді.

Жиында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллин тұрғындар арасында қылмыс жасау көрсеткіші өткен жылғымен салыстырғанда әлдеқайда төмендегенін атап өтті. Сессияға облыс әкімі Алтай Көлгінов облыста атқарылған іс-шараларды кеңінен баяндап, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале