13.02.2020, 15:46
Оқылды: 89

Биыл Оралда «Нұрлы жол» бағдарламасымен 8 көп қабатты үй салынады

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Оралда 1355 пәтерлік 8 көп қабатты тұрғын үй салып, соның 414 пәтерін үй кезегінде тұрған азаматтарға беру жоспарланған.

abat qala (3)

Одан басқа екі көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады және оның 244 пәтері баспаналары апатты деп танылған оралдықтарға берілмек. Биыл ескі үйлердің тұрғындарына Құрманғалиев көшесі 3, Скоробогатов 65/1, Некрасов 22, Құманғазы 196 мекен-жайынан төрт жаңа тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ биыл инженерлік желілер құрылыс және реконструкциясы бойынша жұмыстар жалғасып, 5 жоба жүзеге асырылады. Қаланы сумен қамтуды жақсарту мақсатында «Трекин ауылындағы жерасты су айдағышты реконструкциялау» жобасы» жанданады. «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша 14 лифт шаруашылығы және 3-4 үйдің төбе шатыры жаңартылады деп жаспарланған.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале