4.02.2020, 17:41
Оқылды: 215

Биыл Тасқалада 4 инвестициялық жоба іске қосылады

Биыл Тасқала ауданында 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Аудан әкімі Алдияр Халеловтың айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде 58 адам, іске қосылғаннан кейін 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады.

taskala (16)

 - Достық ауылының маңында «Архар Бизнес» ЖШС былтыр жанармай құю кешенін салу үшін 60 млн. теңгеге құрылыс алаңын дайындау жұмысын жүргізілсе, биыл 360 млн. теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіледі.

Бірлік ауылында 2018-2019 жылдары 200 млн. теңге инвестициялық қаржы жұмсалып «Феррум контракт» компаниясының «Су құю цехының» құрылысы жүргізілгенді. Биыл 30 млн. теңгеге модульдік қондырғы салып, ішкі жұмыстарын аяқтайды.

taskala (10)

«Тасқала Сервис» ЖШС Тасқала ауылының жолы бойындағы сервис құрылысын аяқтап, іске қосуды жоспарлауда. Жоба құны - 38 млн. теңге.

Ал «Жантемір» шаруа қожалығы 153 млн. теңгеге егін егу кешенін және «Арғымақ» шаруа қожалығы жалпы құны 71 млн. теңгеге «Джон Дир» маркалы комбайн, трактор және дәнсепкіш сатып алуды жоспарлап отыр, - дейді аудан әкімі А.Халелов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале