22.08.2022, 9:29
Оқылды: 510

Бизнес мәселелері тез шешімін табады

Облыстық  кәсіпкерлер  палатасы  Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  кәсіпкерлікті  қорғау  тетіктерін  күшейту  жөніндегі  тапсырмасын  орындау  мақсатында  бизнестің  түйткілді  мәселелері  мен  оларды  шешу  жолдарын  талқылауға  бағытталған  іс-шараларды  жүйелі  түрде  өткізуде.  Соның  бірі  –  палатаның  диалогтік  алаңында    облыс  әкімінің  кәсіпкерлерді  қабылдауы.  Жақында  облыс  әкімі  Ғали  Есқалиевтің  кәсіпкерлермен  кезекті  кездесуі  өтті.

атамекен

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Александр Цуранков қылмыстық қудалауға кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тарту фактілеріне тоқтала келе, өңірде қолайлы бизнес ахуалды қалыптастырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасының жүзеге асырылу барысын баяндады. Прокуратура өкiлi құқықбұзушылықтарға жол берген мемлекеттiк құрылымдарға қатысты прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылғаны жайындағы ақпаратты жария етті. Сондай-ақ Александр Цуранков кәсіпкерлерге қалалық және аудандық прокуратуралардың 24/7 режімі бойынша жұмыс істейтінін еске салды. Басқосуда прокуратураның тағы бір қызметкері кәсіпкерлер үшін маңызды ақпаратты жеткізді. Ақжайық ауданының прокуроры Әділет Тоқтамысов өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Прокуратура туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, соған сәйкес прокурорларға мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласу фактілері бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін қарау құқығы  берілгенін  мәлімдеді.

– Бұған дейін мұндай өтініштер қаралмай, уәкілетті құрылымдарға жіберілетін. Енді біз кәсіпкерлік субъектілерінің арыз-шағымдарына жедел жауап береміз. Қажет жағдайда тексеру жүргізуге, қажетті ақпаратты сұрауға, адамдарды түсінік алуға шақыртуға құқығымыз бар, –деді  Әділет  Тоқтамысов.

Облыс әкімі кәсіпкерлік субъектілерінің (15 адам) өтініш, ұсыныстарын тыңдады.

Өтініштердің кейбірі әлеуметтік мәселелерге қатысты болды. Соның ішінде облысты дизель отынымен қамтамасыз ету, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты ауыл мектебі құрылысының тоқтауы  және т. б. мәселелер көтерілді. Кәсіпкерлер мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне де шағымданды. Ал кейбірі өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізетін ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Ғали Есқалиев Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауындағы: «Бизнес өкілдерінің және азаматтардың нақты сұранысы негізінде шешімдер әрі кеткенде үш күн ішінде, тіпті қажет болса бір тәулікте қабылдануы тиіс» деген тапсырмасы барын айта келе, қатысушылардың әрқайсысының өтініш-шағымының аяқсыз қалмайтынына сендірді. Сосын кәсіпкерлердің әрбір өтінішіне тоқталып,   мән-жайды анықтауға көңіл бөлді.  Мәселе егжей-тегжейлі зерделеуді қажет етсе, құзырлы құрылымдар тарапынан  түсініктеме немесе уәкілетті мемлекеттік құрылымдарға тиісті тапсырма берілді. Түйткілді мәселелерді облыс басшысы  өз  бақылауына  алды.

 Гүлбаршын  Әжігереева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале