12.02.2025, 17:50
Оқылды: 169

БҚАТУ-да әдеби кеш өтті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Кеудесіне періште қонған ақын» атты әдеби кеш өтті.

IMG_7425

Университеттегі «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы және Тілдерді дамыту орталықтары бірлесе ұйымдастырған іс-шара Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығымен орайластырылды. Басты мақсат – қаламгердің шығармашылығын насихаттау, білім алушыларға ақын туралы мағлұмат беру, жастарды әдебиетке қызықтыру. Бұл кешке «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымов арнайы шақырылды.

IMG_7424

Кеш барысында Донеділ Ізмағамбетұлы өзінің Қадыр ақынмен таныстығы, өзара ақындық және сазгерлік шығармашылық байланыстары, қаламгердің ерекше қасиеттері туралы сөз қозғап, әсерлі естеліктерді әңгімеледі. Сонымен қатар «Қыз Жібек» фильмінде орындалған «Ақжайық» әнінің дүниеге келу тарихына тоқталып, сол әнді домбырада орындап берді. Содан соң Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Д.Қажымовтың «Ата» әнін де кездесуге қатысушылар ұйып тыңдады.

Бұдан әрі білім алушылар Бекжан Ақанұлы мен Нұрберген Романұлы өздерінің Қадыр ақынға арнаған туындыларын оқыса, Ляйля Қалиева Қадыр ақынның өлеңін оқып берді.

БҚАТУ медиа орталығы    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале