29.03.2023, 19:33
Оқылды: 33

БҚАТУ жастары қаламгермен жүздесті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ақын, журналист Ғайсағали Сейтақпен кездесу өтті. 

WhatsApp Image 2023-03-29 at 17.00.52 (1)

БҚАТУ медиа орталығының мәліметінше, «Жыр жүрегінің тұлпары» атты университеттің коворкинг орталығында өткен кеште алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов бұл кездесудің маңызына тоқталып, келген қонаққа университет басшылығы атынан құрмет көрсетті.
Алдымен Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, республикалық және облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ғайсағали Самиғоллаұлы туралы бейнесюжет көрсетілді. Бұдан соң сөз тізгіні қаламгерге беріліп, өзінің өмір жолы мен шығармашылығы, туған жері, жуырда жарыққа шыққан жаңа кітабы туралы әңгімеледі. Кеш барысында студенттер ақынның «Ел мықты батыр ұлдарыменен», «Ана сүті», «Тәуелсіздік – туым менің ұстаған...», «Жүрек сөзі», «Бесік», «Нарынның нар ұлдары» сынды туындыларын оқыды.

WhatsApp Image 2023-03-29 at 17.00.52
«Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – өңірімізден шыққан қаламгерлерді жастарға таныстыру, олардың өнегелі өмір жолдарын насихаттау, білім алушылардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру.
Кездесу соңында ақын «Парасат» орталығына «Жығылмас жалғыз бар туым» атты кітабын сыйласа, қаламгерге орталық директоры Айгүл Есенаманова естелік сыйлық табыстады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале