3.10.2023, 12:17
Оқылды: 71

БҚО әкімі қарияларды құттықтады

Дәл қазір халықаралық Қарттар күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ардагерлермен кездесу өткізіп жатыр.

IMG-20231003-WA0173

«Ардагерлер – алтын діңгегіміз» атауымен өтіп жатқан кездесуге еңбек ардагерлері қатысып отыр.
– Құрметті аға буын өкілдері, сіздерді мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақ-береке тілмеймін! Ардагерлер әр салада тынбай еңбек етті. Елдің даму жолына өлшеусіз үлес қосты. Елге қиын сәтте тынымсыз еңбек етіп, халыққа, қоғамға қызмет еттіңіздер! Ардагерлер үйінің жұмысы жылдан-жылға жанданып келеді. Біз қолдан келгенше әдістемелік көмек көрсетіп келеміз.
Халық «Ардагерлер алтын діңгегіміз» деп бекер айтпаған. Бүгінде өңірімізде егде жастағы 93 463 адам бар. Олардың арасында 14 Ұлы отан соғысының ардагері, майдан үшін тылда жұмыс жасаған 2 753 тыл ардагері өмір сүріп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрқашан зиялы қауымның оның ішінде ардагерлердің, ақсақалдардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар туралы әр қазақстандық хабардар болуы үшін, әрқайсысының санасына жеткізуде ардақты ақсақалдарымыздың орны ерекше. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.

Президент биыл «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан қалған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз» деп көрсетті. Осы жолда қазақ қоғамы үшін қария, үлкендердің ақыл-кеңестерінің, тәлім-тәрбиесінің маңызы өте зор, - деді өңір басшысы кездесуде.

Нариман Төреғалиұлының айтуынша, ардаргерлерге әлеуметтік және материалдық қолдау үнемі көрсетіліп келеді.

IMG_20231003_124511

Биылдың өзінде 4 522 адамға әлеуметтік көрсету жоспарланса, 450-ден астам зейнеткер тұрғын үймен қамтылған.

IMG-20231003-WA0177

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале