Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті
23 Қазан 2021

Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті
23 Қазан 2021

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті

Жәнібектегі жәрмеңке
23 Қазан 2021

Жәнібектегі жәрмеңке

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті
23 Қазан 2021

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті
22 Қазан 2021

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды
22 Қазан 2021

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды

7.03.2019, 7:30
Оқылды: 27
БҚО әкімі екі адамның өмірін құтқарған жеткіншекпен кездесті

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында орын алған тұрғын үй өртінде екі адамның өмірін арашалаған Мирас Жүнісовпен кездесіп, ерлігіне алғысын білдірді, деп хабарлайды облыс əкімінің баспасөз қызметі.

Screenshot_2019-03-07-08-11-36-1-1

- Әркімнің қолынан келе бермейтін ерліктің, қайтпас қайсарлықтың
үлгісін көрсеттің. Сонда да нағыз ер азаматқа тән қарапайымдылықты сақтаудасың. Саған осындай тәрбие берген ата-анаңа, жас та болсаң, азаматтығың үшін өзіңе де алғысымды білдіремін,- деді А.Көлгінов.

Miras

Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылындағы мектептің 11 сынып оқушысы Мирас Жүнісов 22 ақпанда өртке оранған үйден 8 жасар Ғалым Батырбек пен Бейбіт Демеуғалиев есімді ересек адамды құтқарып қалған болатын. Сол маңда тұратын Мирас үйдің жанып жатқанын, ішінен баланың жылаған дауысы шыққанын естіп, ойланбастан отқа оранған үйге кіріп, кішкентай бала мен ер адамды қауіпсіз жерге алып шыққан.

- Мен бұл әрекетті мақтау есту үшін жасаған жоқпын. Тек адамдарға көмектескім келді. Болашақ өмірімді де елге пайдамды тигізетін кәсіппен байланыстырғым келеді. Бұның барлығы да ата-анамның, білім алып жатқан Байсықов атындағы мектеп ұстаздарының тәрбиесі деп білемін,- дейді М.Жүнісов.

Midas Zhunisov

Айта кетейік, Мирас Жүнісов күні кеше Ішкі істер министрлігінің «Қазіргі заман каҺарманы» және «Өртте көрсеткен ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған болатын.

Фото: А.Куприенко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале