8.08.2023, 8:30
Оқылды: 122

БҚО әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

ЖП Сыбайлас

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ, өтеулі қызмет көрсету үшін жалған шарт жасау туралы заңсыз нұсқау беріп, лауазымын пайдаланды деген күдікке ілінген.

- Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай шығын келтірілген. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жариялауға болмайды, - делінген агенттіктің хабарламасында.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале