6.06.2023, 10:28
Оқылды: 67

БҚО Антикор сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын еске салды

  2023 жылғы 2 маусымда БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Батыс Қазақстан облысы полиция Департаменті басшылығының қатысуымен БҚО ПД Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты  қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алаяқтық жасау және БҚО ПД патрульдік полиция батальонының командиріне қатысты парақорлық жайттарымен тіркелген қылмыстық істер бойынша ҚР ҚПК-нің 200 бабының тәртібінде жолданған заңның басқа да бұзушылықтары мен қылмыс жасаудың жағдайын жою туралы 3 ұсыным қаралды.

IMG_0289

Жоғарыда аталған жайттардың жасауға жол берген себеп-салдарлар:

- БҚО ПД басшылығының тарапынан қызметкерлердің өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін орындауларына, сондай-ақ, олардың тәртіпті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтауларына тиісті бақылаудың жоқтығы;

- сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу барысында тиісті профилактикалық жұмыстардың жүргізілмеуі.

IMG_0295

Сонымен қатар, кеңесте Департамент басшылығымен ІІО қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлар туралы ақпараттар жеткізіліп, осы қызмет барысында туындайтын сыбайлас жемқорлықтарды жою туралы ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, БҚО ПД басшыларына төмендегілер ұсынылды:

- БҚО ПД лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу шараларын қабылдауға;

- күн сайын, кезекшілікке түсер алдында, батальонның жеке құрамының алдында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құндылығын, басымдылығын және талаптарын жеткізуге;

- патрульді тұрақты түрде видеотіркегіш (видеожетон) пайдалана отырып жүзеге асыруға;

- облыстық орталықтан біршама қашықтықта патрульді жүзеге асырушы ППБ БҚО ПД қызметкерлеріне бақылау күшейту.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале