31.10.2023, 11:45
Оқылды: 40

БҚО-да 85 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған адам ұсталды

БҚО ПД Орал қ. ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ЖП Полиция (1)

Қазанның 26 күні сағат шамамен 11:30 кезінде белгісіз біреу 1938 жылғы зейнеткердің үйінің есігін қағады. Есіктің құлпын ашқан әйелге бас салып, күш қолданып, бірнеше рет соққы жасайды. Кейін үйге кіріп, үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 000 Ресей рубль ақшасын (5000 купюралармен) жымқырып кеткен. Келтірілген залал 3 500 000 теңгені құрап отыр.
Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1991 ж.т. Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды.
Ұрланған ақша жартылай тәркіленді.
Ұсталған азамат Орал қ. ПБ уақытша-ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале