25.11.2021, 16:00
Оқылды: 93

БҚО-да 900-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

Батыс Қазақстан облысында 852 адам Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

211125132838804e

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 467-сі – жасөспірімдер, 37-сі – жүкті, 348-і – бала емізетін әйелдер. Сондай-ақ 251 адам ревакцинациядан өтті. Облыс бойынша барлығы 247 525 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 59,7 пайызы) бірінші компонентпен егілді. Соның 228 381-і (55,1 пайызы) екінші компонентті де салдырды. Қазіргі кезде 80 935 доза І, 100 199 доза ІІ компонент бар.

Басқарма мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 39 627 науқастың 37 286-сы жазылып шықса, 834-і көз жұмды. Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру 11 пайызға (20 науқасқа) төмендеді. Күні бүгін 316 адам амбулаторлық ем алуда. Оған қоса 118 науқас инфекциялық стационарларда емделуде. Соның ішінде 9-ы ауыр, біреуі аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале