10.02.2020, 14:49
Оқылды: 76

БҚО-да «Ашық әкімдік» шарасы өтеді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 2020 жылы 14 ақпан күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (13.00-14.00 үзіліс) тұрғындарға арналған дәстүрлі «Ашық әкімдік» шарасы өтеді.

priem

Шара барысында облыс және қала басшылығы, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, құқық қорғау органдары мен коммуналық қызмет жетекшілері жеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдайды.

«Ашық әкімдік» - тұрғындардың көкейкесті мәселелерінің шешімін жедел әрі тиімді жолмен шешуге бағытталған шара. Азаматтарды қабылдау Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 мекен-жайында («Nur Otan» партия облыстық филиалы ғимараты) жүргізіледі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале