29.07.2019, 15:57
Оқылды: 181

БҚО-да бизнес өкілдерімен ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды

Бүгін «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасында «Protecting business and investment» жобасымен сүйемелденетін облыстың бизнес қоғамдастығы өкілдерімен ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

atameken (2)

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Р.Ақмырзаев, облыстық «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.Салиева, аймақтық кәсіпкерлер палатасы иректорының орынбасары Н.Мақсотов, кәсіпкерлік және индустриалдық аму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ибраимов Б., «Жайық Мұнай» ЖШС, «Квант» ЖШС, «Конденсат» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Казтурбпром» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «ABS Мұнай» ЖШС, «Топан» ЖШС, «World Green Company» ЖШС сынды белгілі облыс бизнес субъектілерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Департамент басшысы Р.Ақмырзаев өз сөзінде Агенттіктің кәсіпкерлікті қолдау және оны мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан әкімшілік кедергілер мен заңсыз араласуынан қорғау бағытында жүргізіп отырған жемқорлыққа қарсы саясатын, «Бизнесті және инвестицияны қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау жолдарын түсіндіріп, жемқорлықтан ада қоғамды қалыптастыруда бизнес құрылымдарының мүдделі болуының маңыздылығын атап өтті.

atameken (1)

Ә.Салиева қатысушыларға «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының міндеттерін таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруда мемлекетті коргандар мен қоғам өкілдерінің бірігіп жұмыстануы қажеттілігіне тоқталды.

Өңірімізде бизнес саласының өкілдерімен Кәсіпкерлер палатасының атқарып жатырған жұмыстарын баяндай келе, Н.Мақсотов, облысымызда бизнестің дамуына орай, кәсіпкерлердің көтерер мәселелерінің де мазмұны мен бағыты өзгергенін ерекше атап өтті.

atameken (3)

Отырыс барысында кәсіпкерлер бизнес құрылымдары мен мемлекеттің өзара ынтымақтастығын арттыру, реттеуші заңнамадағы сәйкессіздіктер мен заңды бизнс жүргізуге кеселін тигізіп отырған әкімшілік кедергілер туралы ашық ойларымен бөлісті.

Ашық диалог қорытындысына сәйкес, кәсіпкерлік саласында қолданыстағы заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық жағдайлары мен себептерін зерделеніп, мемлекеттік органдар қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілетін болады.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале