19.10.2023, 16:15
Оқылды: 121

БҚО-да құтқарушылар 400-ге жуық адамды құтқарған

Бүгін – құтқарушылар күні. Бұл мамандық иелері уақытпен санаспай адам өмірі үшін жан беріп, жан алысатын ардақты мамандық иелері. Облыста жыл басынан бері БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 2000-ға жуық авариялық құтқару жұмысына шыққан.  Нәтижесінде 327 адам құтқарылып, 276 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оны ішінде 200-дей бала бар.

әкім

Құтқарушылар тобы адамдарды өрттен, түрлі апатты жағдайдан, судан құтқарады. Тіпті ірі жол көлік оқиғалары кезінде көлікке қысылып қалған адамды да құтқарушылар шығарып алады. Қыста қар құрсауында қалған адамдар, жер сілкінісі, су тасқыны кезінде де адамдарға алғаш болып көмекке жететін де осы құтқарушылар.  Уақытпен санаспай жұмыс істейтін мамандық иелері бүгін кәсіби мерекелерін атап өтуде. Салтанатты жиынға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Алдымен облыс әкімі төтеншеліктердің техникалық жабдықтарымен танысты.

әкім сахна

Биыл төтеншеліктерге бірнеше жаңа техника алуға қаржы бөлінген. Соның нәтижесінде 10 көлік, 9 суда жүзу көлігі, 60-қа жуық қажетті құрал алыныпты.

әкім зал

Аймақ басшысы бейбіт күннің батырларын төл мерекелерімен құттықтады.

- Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларың, апаттық медицина қызметкерлерін, сондай–ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы міндеттерін орындап жатқан тұлғаларды кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз құтқарушылардың жаһандық төтенше жағдайлардың салдарымен тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде қаншалықты жанқиярлықпен күресіп жатқанын көреміз. Мысалы: Түркия мен Ауғанстандағы жер сілкінісі, еліміздегі орман өрттері, су тасқыны, техногендік апаттар мен зіл-залалар. Төтенше жағдайлар қызметкерлері әрқашан бірінші болып көмекке келеді.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан азаматтық қорғаныс саласына техникалық базасын нығайту үшін көп қаражат бөлінуде.

Біздің өңірде Бөрлі ауданының Ақсай қаласында  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынғанын айта кету керек.

Таяу болашақта Теректі мен Бәйтерек аудандарында өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда. Сонымен қата елді мекендерде ескірген өрт сөндіру депосының орнына жаңа заманауи ғимараттар салу жобасы әзірлену сатысында, - деді салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

әкім1

Осы мерекелік кеште өз қызметінде белсенділік көрсеткен бірқатар төтеншелік облыс әкімінің қолынан арнайы марапат алды.

әкім марапат

Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале