5.09.2023, 14:45
Оқылды: 318

БҚО-да мал тасымалдайтын көліктердің бәрі тексеріліп жатыр

Бұл туралы БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев айтты. Күз – мал ұрлығының өршейтіні уақыты. Осы қылмыстың алдын алу мақсатында қазір облыстық полиция департаментінің өкілдері барлық трассаларда автокөліктерді тоқтатып, құжаттарын тексеріп жатыр.

photo_2023-09-05_13-39-36

 

– Жыл басынан бері 94 мал ұрлығы тіркелді. Оның 47-і әлі ашылған жоқ. 12 қылмыс ауыр санатқа жатады, - деді брифингте департамент бастығы.

Полиция өкілдері мал сою орындарына камералар орнатуды талап етіп отыр.

– Жылдың аяғына дейін облыс аумағындағы барлық мал сою орындарында камералар қойылатын болады. Ол өз кезегінде мал ұрлығын ашуға көмектеседі. Малы жоғалған адам сол камера арқылы өз малын таныса, қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді. Қазір мал тасымалымен айналысатын барлық көліктер тексеріліп жатыр. Осындай тексерістің нәтижесінде кеше бір адам ұсталып, қамауға алынды. Ол бұрынан мал ұрлығымен айналысатын, полицияда есепте тұрған адам болып шықты, -  деді Арман Молдиярұлы.

Жолдағы қылмыстардың санын азайту мақсатында полиция департаменті үш кибер-шериф сатып алуды жоспарлап отыр. Ол кибер-шерифтер 300 метр қашықтықтан анық көрсете бастайды екен. Замануи құрылғы полицияның көлігіне орнатылатын болады.

Бұдан бөлек полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев қалалық және облыстық полиция батальоны үшін алдағы уақытта 90 автокөлік алуды жоспарлап отырғанын айтты.

– Сонда барлық трассалар полиция бақылауында болады. Ол өз кезегінде қылмыстың алдын алуға ықпал етеді, - деді ол.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале