24.10.2023, 12:15
Оқылды: 159

БҚО-да полиция мен әскерилерге жаңа көліктер табыс етілді

Бүгін 25 қазан - Республика күніне орай БҚО полиция департаментіне және БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментке су жаңа автокөліктердің кілті табысталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

25 м (2)

Полиция өкілдеріне деп барлығы 45 машина берілсе, әскерилерге 12 автокөлік табыс етілді. Ал 99250 әскери бөліміне бір КАМАЗ автокөлігінің кілті берілді.

Әскерилер мен полицейлерді аймақ басшысы Ұлттық мерекемен құттықтады.
- Сіздерді және барлық жеке құрамды еліміздің ұлық мерекесі - Респубика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды. Республикамыз тәуелсіздікке бет бұрды. Азат ел болудың алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны маңызды. ҚР Президенті өз Жолдаулары арқылы құқық қорғау жүйесін толық реформалау аса маңызды міндеттердің бірі екенін айқындап берді. Құқық қорғау және күштік құрылымдар саласы қызметкерлеріне материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдай жасалуда. Мәселен, былтыр Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне 30 автокөлік берілсе, енді міне, бүгіннен бастап олардың автокөліктер паркі 45 су жаңа автокөлікпен толығайын деп тұр. Қажетті құрал-жабдықтар алу үшін облыстық полиция департаментіне өткен жылы 8 миллиардтан астам қаражат бөлінсе, биыл бұл сома 13 миллиардтан астам теңгеге жетті. Ал аумақтық қорғанысқа бюджеттен былтыр 222 миллионнан астам қаралса, биыл ол екі есеге жуық өсіп, 415 миллионнан астам қаражатты құрады. Осындай қолдаудың нәтижесінде соңғы жылдары өңіріміздегі жалпы қылмыс саны 4 713-тен 3 494-ке дейін азайды. Яғни 26,2 пайызға төмендеді, - деді салтанатты жиында сөз алған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.

25 vg (2)

Бүгін Қорғаныс істері департаментіне берілген 12 автокөлік аудандық әскери бөлімдерге деп жоспарланған.
Полиция департаментіне берілген 45 автокөлік учаскелік полицейлерге арналып отыр. Оның ішінде 25 автокөлік қаладағы учаскелік полицейлерге берілсе, 20-сы ауылдағы учаскелік полицейлерге беріледі.

25 м (3)

- Бұдан бөлек алдағы уақытта екі патурльдік батальонға 90 автокөлік беру жоспарланып отыр, - деді БҚО Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.

25 vg (1)

Жалпы облыста учаскелік полицейлердің көлігі әбден тозған, ескі көліктер екен. Бүгін арнайы қаражат бөлініп Республика күніне орай салтанатты түрде кілттері табысталып отыр.

25 vg (3)

Бүгін сонымен қатар бір топ полиция қызметкерінің шендері мерзімінен бұрын өсіп, арнайы погондары табысталды.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале