10.09.2021, 12:04
Оқылды: 208

БҚО-да вакцинациялау жалғасуда

Өткен тәулікте вакцинаның I компонентімен 914 адам егілді. Олардың ішінде 10 медицина қызметкері, 8 педагог, 23 студент, 4 құқық қорғау органдарының қызметкері, 5 мемлекеттік қызметкер, 73 созылмалы аурулары бар адам бар.

ққ
Вакцинациялау басталғаннан бері  вакцинаның I компонентімен 209 523 адам егілді. Бұл вакцинациялауға жататын халықтың 58,2% - ын құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 24-00-06 вакцинация мәселелері бойынша call-орталық жұмыс істейді.

Сонымен қатар сіз егу пункттерінің, ПТР-зертханалардың мекенжайларын, рентген кабинеттерінің жұмыс кестесін, КВИ диагнозы расталған амбулаториялық пациенттерге берілетін тегін дәрілік заттардың тізбесін және басқа да пайдалы ақпаратты stopcovid.kz сайтынан таба аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале