13.06.2024, 17:00
Оқылды: 28

БҚО-да жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт шаруа қожалығынан табылды

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 18 жастағы Игорь Исраилов бүгін аман-есен табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Полиция ЖП 2023

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын 6 маусым күні Бәйтерек ауданы Рубежка ауылындағы үйінен шығып кеткен еді.

«Теректі ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жігітті шаруа қожалықтарының бірінен тапты. Шаруа қожалығының басшысы Игорьдың өзі келіп, жұмысқа алуын өтінгенін жеткізді. БҚО полиция департаменті жігітті іздеуге атсалысқан адамдардың бәріне алғысын білдіреді. Қазіргі кезде оның жағдайы жақсы, ата-анасының қолына тапсырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале