31.10.2023, 15:30
Оқылды: 78

БҚО-да жыл басынан бері 251 пәтер ұрлығы тіркелген

БҚО-да жыл басынан бері 251 пәтер ұрлығы тіркелген. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.

Полиция ЖП

- 251 пәтер ұрлығының 181-і ашылды. Қалған оқиғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімдеді полиция департаменетінің баспасөз қызметі.

Пәтер ұрлығы көбіне көпқабатты үйлерде болады екен. Осы көп қабатты пәтерлерде болатын ұрлық оқиғаларын ашу кезінде де «біраз қиындық туғызады» дейді полицейлер. Былтыр дәл осындай уақытта 389 пәтер ұрлығы тіркеліпті.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале