12.03.2024, 16:15
Оқылды: 445

БҚО-да жыл басынан бері 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жыл басталғалы БҚО-да 77 жол-көлік оқиғасы болды. Оның салдарынан 18 адам қаза тауып, 111 адам әр түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл жөнінде БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

таскала такси жп

Көрнекі фото: zhaikpress.kz

«Жол апаттарын талдау кезінде, оқыс оқиғалардың басты себебіне көбіне жол қозғалыс ережелерін өрескел бұзу жатады. Оның ішінде жылдамдық режимін шамадан тыс асыру, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін сақтамау жиі кездеседі.

Айта өтейік, оқиғаларды азайту мақсатында патрульдік полиция бөліністерінің қызметін реттейтін бұйрықтың негізінде қосымша жасырын патрульдеу жүргізіледі. Оның барысында жол ережелерін өрескел бұзатындар анықталады. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты – азаматтардың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау», - делінген хабарламада.

БҚО полиция департаменті қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, «102»арнасына немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі @policebqo парақшасына хабарлауды сұрайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале