1.03.2023, 10:15
Оқылды: 81

БҚО-дағы әлеуметтік орталықтың тұрғындары алғыс білдірді

Орал қаласында өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі 2022 жылдың маусым айында ашылды. Қазіргі уақытта орталықта 15 қызмет алушы тұрады. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай орталық қызметкерлері ақ тілектерін айтып, алғыс білдірді.

7DFF381F-419F-4BEA-8FD9-6310881BCFAF

Бұл орталықта тұрып жатқан қыз-жігіттер өз өмірлеріне риза екендерін айтады. Бүгінде 15 адамның 9-ы жұмысқа орналасқан. Біреуі оқуда. Барақов Азамат әлеуметтік үйге Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан келген.

– Менің осы орталыққа келгеніме 8 ай болды. Бастапқыда ең қарапайымы тұрмыстық техникаларды да қолдана алмайтын едім. Қазір өздігімнен тамақ әзірлеп, оны іше алатын жағдайға келдім. Өзіміз тұратын үйдің қасындағы супермаркетте аспазшының көмекшісі болып жұмыс істеймін. Мен осы орталыққа келгелі тәрбиеленіп, қоғамға араласып үйрендім, сол үшін осы мүмкіндікті жасаған жандарға алғыс айтқым келеді, - дейді Азамат.

A051C07E-226F-462A-9AAE-2D597E8DF740

Қызмет алушылар тамақ пісіруге, төсек-орын жинауға үйретіледі. Қалыпты адамдар үшін қарапайым тірлік бұл үйде тұратындар үшін қиынға соғады. Сондықтан да орталықтың әлеуметтік қызметкерлері, психологтары қызмет алушыларды қоғамға бейімдеп келеді.

Жандуалиева Гүлнар да осы орталыққа келгелі көп нәрсені үйрендім деп ризашылығын білдірді.

8E6A7101-8B28-4190-8812-0B8A8CF35064
– Бастапқыда қоғамдық ортаға үйрене алмадым, қазіргі таңда өз бетінше өмір сүруге үйреніп келемін және жұмысқа орналастым, бізге осындай жағдай жасағандарыңызға алғысым шексіз, - дейді Гүлнар.

Алғыс айту күніне орай орталық қызметкерлері өздеріне жағдай жасаған басшыларына, әлеуметтік қызметкерлерге, психологтарға алғысын білдіретіндерін жеткізді.

1971FB9F-61F3-4C18-97BB-A91554D9E798
«Осы бөлімшенің ашылуына өз үлестерін қосқан жомарт жандарға өз ризашылығымызды білдіреміз. Ғимаратты бізге ыңғайлы, көңілімізден шығатындай етіп салып бергендеріңізге көп рахмет», - дейді Өз бетінше сүйемелдеу бөлімшесінің қызмет алушылары.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале