15.08.2022, 15:30
Оқылды: 182

БҚО компаниялары ауқымды жобаларға дайын

Қазақстанда, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында бизнес қарқынды дамып келеді. Жергілікті компаниялар арасында өз ісімен ғана айналысып қоймай, жоғары деңгейге көтеріліп, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүргендер де бар. Олардың қатарына «Теңізшевройлмен» ынтымақтастық орнатып, халықаралық деңгейге дейін көтерілген «Топан» және «QHSE-Akbarys» компаниялары жатады.

Фото 1 QSHE Akbarys

Нөлден бастап сала көшбасшысына дейін

«QHSE-Akbarys» компаниясының қалыптасу тарихы ерекше назар аударуға тұрарлық. Компания қысқа мерзім  ішінде мұнай-газ саласында бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асырды және Қазақстандағы мұнай-газ саласының көшбасшысы Теңізшевройл (ТШО) компаниясының серіктесі атанды.

Компания 2007 жылы Орал қаласында құрылды. Компания қызметінің басты бағыты- мұнай және газ кен орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда «QHSE-Akbarys» Қазақстан мен Ресейдің 25-тен астам компаниясына қызмет көрсетуде.

QHSE-Akbarys пен ТШО арасындағы ынтымақтастық 2014 жылы басталды. Сол кезде компания алғаш рет AVON (Ұлыбритания) фирмасы шығарған  өзін-өзі құтқаруға арналған арнайы қорғаныш капюшондарын жеткізді. Кейіннен, 2017 жылы «QHSE-Akbarys» компаниясы NH15-K эвакуациялық-құтқару капюшондарын шығаратын қазақстандық «Akbarys Protection» кәсіпорнын іске қоса отырып, ТШО-ның бас мердігері атанды, осылайша жергілікті қамтуды дамытуға өз ықпалын тигізді. Зауыт жылына 40 000 данадан астам  бетперде шығарып,  барлық операторларды әлемдік деңгейдегі сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

«Теңізшевройлмен ынтымақтастыққа дейін біз «Жайықмұнай» (ресми атауы өзгертілген) және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компанияларымен жұмыс істедік,  әлі де  жұмысымыз жалғасуда. Біз оларға қызметкерлерді күкіртсутектен қорғау мен басқа да аралас қызметтер ұсынамыз. 2014 жылы, алғашрет ТШО-ға қорғаныш капюшондарын жеткізу - біз үшін үлкен жетістік болды.   Ашылғанымызға небәрі 7 жыл болған жас компания едік.  Дегенмен,   біз тіпті шетелдік бәсекелестерімізден де асып түстік. Осындай деңгейге жету үшін, біз өндірістік процестерді анағұрлым тиімді әрі оңтайлы ету мақсатында өнім сапасын көтердік, жаңа идеялар мен инновациялар енгізу арқылы өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсарттық. Біз компаниямен бірге дамыдық және жергілікті  қамтушылардың  дамуына да ықпал еттік. Осылайша біз өзіміз өсіп, деңгейімізді көтердік, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы өңірдің дамуына үлес қостық. ТШО-мен жұмысымызды бастамас  бұрын   штатымызда 100 жуық адам  еңбек етсе, бүгінде  олардың саны  500 асты», - дейді компания директоры Ескендір Ағыбаев.

Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастық қызмет көрсетуді үздіксіз дамыту мен жетілдіруді көздейді. Сондықтан компания қызметкерлері үнемі біліктілігін арттырып, қосымша оқудан өтіп отырады. Қызметкерлерді оқыту үшін АҚШ, Англия, Франция, Бельгия және мұнай-газ кен орындарында қолданылатын қауіпсіздік құралдарын шығаратын басқа да елдерден  шетелдік сарапшылар мен нұсқаушылар шақырылады. Сонымен қатар, қызметкерлеріміз БАӘ мен Германияға және басқа да шет елдерге оқуға барады.

3

Ескендір Ағыбаевтың айтуынша, жергілікті мамандарды дамыту және олардың біліктілігін үздіксіз арттыру компанияның басты басымдығы болып табылады: «Біз қызметкерлерді оқыту нарықтағы орнымызды сақтауға, жақсартуға және қызметтерді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретінін жақсы түсінеміз. Компания қызметкерлерінің барлығы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Өз облысымызды дамытуға бар күш-жігерімізді  жұмсаудамыз, сондықтан үміткерлерді БҚО тұрғындары арасынан іріктейміз.Кәсіпорын құрылғаннан бері мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы ондаған адамды жұмысқа қабылдадық. Сондай-ақ университеттер мен колледждер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне үнемі қатысып, жас мамандарға жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндігін ұсына отырып, оларды жұмысқа шақырамыз», - деді Ескендір Ағыбаев.

Жаңашылдық пен жоғары сапа табыс кепілі екенін түсінген компания үнемі жаңа жобалар әзірлеп, оларды жүзеге асырып отырады.

Осылайша, компания құрамында жоғары күкіртсутегібар  сұйықтықтарды атмосфераға шығарындыларсыз бейтараптандыруға арналған бірегей герметикалық жүйе әзірлеп жобалады. Өзінің патенттелген технологияларын қолдана отырып, «QHSE-Akbarys» ЖШС 9 000 м3 астам қабат суын сәтті және қауіпсіз бейтараптандырды.

Далалықтағы қызметкерлерді кен орындарындағы жарылғыш және улы газдардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін «Төтенше жағдайларды жою және құтқару бөлімшелері» (БАРС) жобасын әзірлеп жүзеге асырды. Жиналу орындарындағы баспаналар (БҰМ), апаттық автобустар және басқа да қосалқы жабдықтар қазір «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылады.

Фото 3 QSHE Akbarys

Ақсай қаласының өнеркәсіптік аймағында азот өндіретін зауыт іске қосылды. Теңіз кен орны аумағында газды анықтау жүйелеріне, тыныс алу құрылғыларына және компрессорларға қызмет көрсететін сервистік орталық салынып, пайдалануға берілді. Бұл жоба 20 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Мұндай белсенді қызмет компанияның өзінің дамуына ғана емес, сондай-ақ отандық өндірістің мазмұнын ұлғайтып, еңбек нарығын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету есебінен Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді.

Бұған қоса, «QHSE-Akbarys» компаниясы өңірдің әлеуметтік  дамуына да өз үлесін қосуда. Компания Құлсарыдағы балалар үйіне ұдайы көмектесіп келеді, Орал қаласын көріктендіру  жұмыстарына қаражат бөлуде. Пандемия кезінде компания жергілікті ауруханаларға ӨЖЖ аппараттарын жеткізіп, біржолғы медициналық бетперделерді шығаруды қолға алды. Компания қайырымдылық жобаларына тұрақты түрде қатысады және каратэ, таэквондо, футбол сияқты жекелеген спорт түрлері бойынша қазақстандық паралимпиада спортшыларына, футбол құрамасына демеушілік көрсетіп келеді.

«Алда кәсіби және әлеуметтік салаларда да жүзеге асыратын ауқымды жоспарлар мен жобаларымыз көп. Біз оларды таяу келешекте жүзеге асырамыз деген  үміттеміз. Түпкі мақсат – әлемдік мұнайгаз өнеркәсібі нарығында ел беделін лайықты көрсете алатын компания атану», - деп Ескендір Ағыбаев өз ойымен бөлісті.

Басты басымдық – қазақстандық өндірісті дамыту

Отандық компаниялардың ірі халықаралық кәсіпорындармен ынтымақтастығы жаңа өнімдер мен қызметтерді өндіріп, өз қызметін кеңейтуге көмектеседі.

Мысалға, «Топан» ЖШС компаниясы мұнайгаз, тау-кен өндіру, фармацевтика, химия және өнеркәсіптің басқа да салаларының өндірістік кәсіпорындарына арналған химиялық өнімдер мен зертханалық жабдықтарды жеткізетін ірі жеткізушуіге айналды.

4

Компанияның негізі 1999 жылы қаланып, алғашқы кезде кішігірім сауда және жабдықтау кәсіпорны ретінде жұмыс істеді. 2000 жылы «Топан» ЖШС қызметінің бағыттарын қалыптастыруға шешуші әсер еткен зертханалық химияның, ал кейінірек өнеркәсіптік техникалық химияның алғашқы жеткізілімдері жасалды. 2003 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның барлық зертханаларына сервистік қызмет көрсету үшін 2003-2011 жылдар аралығына алғашқы ірі келісімшарт, ал 2004 жылы «Karachaganak Petroleum Operating b.v.» компаниясы үшін каустикалық сода ерітінділерін жеткізу үшін бес жылдық келісімшарт жасалды. Осылайша, 23 жыл ішінде «Топан» ЖШС мультибрендті өндірістік кәсіпорынына айналды. Бүгінгі таңда, компания мұнай өнімдері мен газ сапасын талдап, мөлшерін есепке алу бойынша мұнайгаз саласы үшін кешенді инновациялық зертханалық және экологиялық шешімдерді ұсынады. Сонымен қатар, компания ауаның, судың және топырақтың сапасын бақылау үшін жабдықтарды жеткізуді және қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Соңғы 15 жылда  «Топан» компаниясы NCOC N.V., КПО б.в., «Каспий Құбыр Консорциумы-К»АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «CNPC-АқтөбеМұнайГаз» АҚ, «Атырау МӨЗ» ЖШС, «Павлодар МХЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «ҚазТрансОйл»АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ сияқты жетекші мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорындар үшін «толық аяқталған» зертханаларды жарақтандыру бойынша көптеген ірі жобаларды жүзеге асырды.

2011 жылы «Топан» компаниясы химиялық реагенттердің ірі өндірушісі - «Baker Hughes» компаниясының  Қазақстан аумағындағы серіктесі әрі ресми өкілі атанды.

Осыдан кейін «Топан» ЖШС «Теңізшевройл» компаниясына арнайы химреагенттерді жеткізуді ұйымдастыра бастады.

5

2019 жылы «Baker Hughes» компаниясымен бірлескен кәсіпорын -  «Topan Baker Hughes» ЖШС іске қосылып, Теңіз кенорнына жеткізіліп тұратын арнайы химреагенттер өнімі Батыс Қазақстан облысының аумағында өндіріле бастады.

Осы қызмет аясында 30-дан астам жұмыс орны ашылып,  Батыс Қазақстан облысының бірқатар тұрғындары жұмысқа орналасты. Дайындалатын арнайы химия өнімдерінің 12 СТ-KZ сертификаттары алынды. Таяу болашақта Теңіз кенорнына жеткізу үшін сертификатталған атаулы өнімдерді ұлғайту жоспарлануда.

«Теңізшевройл компаниясымен ынтымақтастыққа келер алдында «Топан» ЖШС өз саласында белгілі бір жетістіктерге жеткен және Батыс Қазақстан облысының жетекші компанияларының бірі болатын. ТШО-мен ынтымақтастыққа келу компаниямыздың алға өрлеуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз және біз әрқашан дамуға дайынбыз. Ынтымақтастығымыздың кеңеюіне қарай біз жаңа жұмыс орындарын ашуды, мамандарды оқытуды және компанияның өндірістік-техникалық қуатын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз» – дейді «Топан» компаниясының директоры әрі құрылтайшысы Владимир Георгиевич Харчев.

«Топан» ЖШС өндірістік қызметін кеңейту мақсатында Ақтау қаласының арнайы экономикалық аймағында каустикалық сода мен хлорлы өнімдерді өндіретін «Topan Chemical Industries» атты жаңа химиялық зауыт құрылысын бастады.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылғы шілде айында басталды. Жоспар бойынша зауыттың негізгі өндірістік ғимараттарын салу және бірінші легін іске қосу 2023 жылдың басына белгіленген. Ал 2025 жылға қарай компания жаңа химиялық кәсіпорынның барлық өндірістік блоктарының жабдықтарын монтаждауды толық аяқтауды жоспарлап отыр. Зауытты пайдалануға беру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. 2023 жылы зауыт құрылысының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін кәсіпорынның 40-тан астам жұмыс орнын ашуына   жол ашылады, ал зауыт толықтай іске қосылған кезде қызметкерлер саны 120 адамға дейін артады.

20

«Заманауи бизнес, егер оның әлеуметтік бағыты болмаса  және жауапкершілікке  негізделмесе, табысты бола алмайды. Өйткені өңірде жұмыс істеп, оның өзекті мәселелерінен бойды аулақ ұстау мүмкін емес» - дейді Владимир Георгиевич Харчев, - «Сондықтан компанияның дамуы облыстың дамуына қосылған үлес болып табылады.   Біз әлеуметтік сектор мен қайырымдылыққа баса назар аударамыз.  Халықтың әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған топтарын (ардагерлерді, мүгедектерді, жетімдерді, көпбалалы отбасыларды) қолдаймыз, азаматтардың денсаулығын қорғауға, салауатты өмір салтын, өңірдің және жалпы елдің экологиясын қолдауға көп көңіл бөлеміз».

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале