17.01.2023, 17:00
Оқылды: 25

БҚО-ның энергетика басқармасына жаңа басшы келді

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Мирас Рүстемұлы Мүлкәй БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Мирас Мүлкәй 1989 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисі болып бастады.

Әр жылдары Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру секторының бас маманы, сектор меңгерушісі, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2019 жылдан күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Фото: instagram.com/batys_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале