3.04.2023, 12:15
Оқылды: 60

БҚО полицейлері таныстарының есепшотынан қаржы иеленген азаматты ұстады

БҚО полицейлері таныстарының есепшотынан қаржы иеленген азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

3C2615E5-AF0A-4B9B-A09C-00D46CCD51DB

Фото: Polisia.kz

Полиция жас жігітті ұстады, ол сенімге қиянат жасау арқылы интернет-банкинг арқылы таныстарының шоттарынан ақша аударған. Аз ғана уақыттың ішінде 27 жастағы азамат 10 адамды алдап үлгерген. Бұрын таныс адамдармен сенімді қарым-қатынас орната отырып, ол жеке хабарлама жазамын деген желеумен таныстарының телефондарын сұрап алып, оның орнына интернет-банкингке кіріп, есепшотта жатқан қаражатты өз картасына аударып алған.

Сондай-ақ ол онлайн-сатып алулар жасаған, олар үшін бөліп төлеуге арналған несие карталарын, тауарларды несиеге рәсімдеп отырған, ал жеткізу үшін өз мекен-жайын көрсетіп отырған. Осыдан кейін ол сатып алу тарихын тазалап, аударымдар туралы хабарламаларды жойып отырған. Күдікті азаматтар несиені төлеу қажеттілігі туралы хабарламалар келген кезде ғана сатып алу туралы білген. Алаяқ бірден ұсталды, тергеу барысында интернеттен алаяқтығынан басқа, ол бірнеше ұрлық жасағандығы, оның ішінде көлік ұрлағандығы анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық), 190-бабы (Алаяқтық), 200-бабы(Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша жүргізіліп жатыр.

Өкінішке орай, бұл интернет алаяқтықтың бірінші фактісі емес, қаскөйлер интернет-банкингтер арқылы өздерінің достары мен таныстарының мобильді құрылғылары арқылы алдау үрдіс алған. Сондай-ақ онлайн несие беретін шағын қаржы ұйымдарында телефон арқылы несие ресімдеген алаяқтар аз емес.

БҚО полиция департаменті облыстың барлық тұрғындарын ешкімге ұялы телефондарын бермеу, интернет-банкингке қарапайым парольдер қоймау қажеттігі туралы ескертеді.

Мысалы, бірдей сандар жиынтығы немесе сіздің туған жылыңыз, өйткені егер сіздің телефоныңыз кездейсоқ бөгде адамдарға түссе, олар парольді таңдау арқылы сіздің жинақтарыңызға оңай қол жеткізе алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале