16.08.2022, 16:15
Оқылды: 140

БҚО Полиция департаменті: бағдаршам әзір іске қосылмайды

2 аптадай уақыт қала тұрғындарын, әсіресе Зашаған кентінің тұрғындарын Медициналық колледжден Зашаған кентіне, атап айтқанда Жәңгір хан көшесінен Е.Брусиловский көшесіне бұрылатын жолда орналасқан бағдаршамдардың жасамай тұрғаны мазалауда. Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желідегі белгілі қалалық пабликтерге де әлсін-әлсін шағым түсіруде. Бағдаршамдардың жасамай тұрғанын біз де бір аптадай уақыт бұрын байқап, бүгін БҚО Полиция департаментіне сұрау салдық.

19

Полиция Департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мекенжай бойынша орналасқан бағдаршам сол жерде орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан істен шыққан. Қазіргі уақытта жаңа бағанға тапсырыс берілген, жеткізілуін күтуде.

20

Әзірге тұрғындардың осы мекенжайдағы жол қозғалысындағы қолайсыздыққа шыдай тұруына тура келеді.

21

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале