29.08.2023, 16:30
Оқылды: 46

БҚО прокуратурасы 610 адамның құқығын қорғады

Конституция талаптарының орындалуына прокуратура органдары да тікелей жауапты.

Қазіргі таңда облыстың прокуратура органдарының басты назары – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау.

7f4ae55c-c8ba-41b5-a858-5b29a280d875

2023 жылдың өткен кезеңінде облыс прокуратурасының органдарымен ұжымдық шарттарды еңбек заңнамасына сәйкес келтіру жолымен 610 азаматтың құқығы  қорғалды.

Мысалы, ұжымдық шарттарда жұмыс берушілер конституциямен берілген құқықтарды шектеп, демалыс және мереке күндері үстеме жұмыс жасағаны үшін ақы төлеу құқықтарын заңсыз алып тасталғандығы анықталып, тиісті прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.

Сондай-ақ талдау жүргізу барысында облыстың мектептерінде қауіпті санатқа жататын құрамында сынап бар шамдардың қалдықтары сақталғандығы анықталды.

Біздің қабылдаған шараларымыздың нәтижесінде қауіпті қалдықтар тиісті түрде жойылды. Осылайша оқушылардың қауіпсіз білім алу құқығын қорғадық.

Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесінің ішінде  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлек сала ретінде қалыптасып жатыр.

Прокуратура органдарымен кәсіпкерлік қызметте туындайтын әкімшілік кедергілерді жою бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Бизнесті бірге қолдайық» форумы, «Заңсыз тексерулерге жол жоқ», Кәсіпкерлік палата алаңында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тақырыбындағы бірқатар кездесу өткізілді.

Қабылданған шаралармен 29 мың гектардан асатын 29 учаске мемлекетке қайтарылды.

Кәсіпкерлікті қорғау саласында «Атамекен» және бизнес қауымдастықпен арада диалог орнап, есепті кезеңде 516 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 7 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең құқықтар берілді.

Заңға қайшы 10 әкімшілік өндірістің күші жойылды.

Тергеу органдарының бизнеске негізсіз араласуына жол бермеу үшін прокуратура органдарымен нақты шаралар қабылданды.

Атап айтатын болсам, бизнес өкілдеріне қатысты істі тіркеу тәртібі бойынша Бас Прокурордың нұсқауы қабылданды.

Осы сәттен бастап бизнес субъектілерін қылмыстық жауапкершілікке тарту тәсілдері түбегейлі өзгерген.

Атап көрсететін болсақ:

1) Бұрын аудиторлық есеп және басқа да тексерулердің нәтижелерімен бірден қылмыстық іс қозғалса қазір жаңа талап бойынша бизнес өкілдері уәкілетті органдардың тексеру нәтижелері бойынша сотқа шағымдануға құқылы.

Осылайша тек шағымды қарау нәтижелерімен тергеп-тексеруді бастау мәселесі көтеріледі;

2)  Нұсқауда «экономдау» түсінігі енгізілген.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты.

Яғни, жұмыстың сапасына зиян келмейтін кез келген экономдау арқылы жұмысты жүзеге асырғаны үшін жауаптылық жоқ.

Мысалы, бұл құрылыс материалдарын жеңілдікпен арзан бағада алу, жұмысты автоматтандыру арқылы жүргізу немесе басқа тиімді жұмыс істеу әдістері.

Бірақ бұл жұмыстың сапасын төмендетпеуі қажет.

3)  Бұған дейін құқық қорғау органдары мамандарының расталмаған залал туралы қорытындылары негізінде қылмыстық істер тіркелетін болатын.

Ендігі кезекте аталған қорытындылар бойынша істер тіркелмейді және олар бойынша әрмен қарай тексеру немесе сараптама жүргізу қажет.

Бизнес өкілдеріне қатысты қылмыстық істер тіркелген жағдайда 1 тәулік ішінде прокурорлармен тексеріліп, тиісті қорытынды беріледі.

Тергеу барысы үнемі бақылауда болады. Әр 15 тәулік сайын прокурорлар тергеу барысы жөнінде қорытындылап отырады.

Осы негізде кәсіпкерлерге негізсіз қылмыстық істерді тіркеуге жол бермеудеміз.

Облыстық прокуратураның араласуымен 16 кәсіпкерге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылып, құқықтары қорғалды.

Бұрыңғы қолданып келген Заңның 32-бабына сәйкес «заңды түсіндіру» деген прокурорлық ден қою актісі болды. Жаңа Заңда бұл акт «Заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру» деп өзгертілді.

Енді прокурорлар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында заңдарды бұзуға жол берілмейтіні туралы жазбаша немесе ауызша түсіндіреді және белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.

Мысалы, егер әкімдіктен келісім алмай азаматтар заңсыз шеру (митинг) немесе пикетке шыққан жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген (Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 488-бабы).

Прокурор бұндай жағдайда заңдарды бұзуға жол берілмеу туралы түсіндіреді.

Ал егер прокурордың бұл талабын орындамаса, оған да бөлек әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 665-бабы).

Жаңа Конституциялық заңда мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру прокуратура органдарының негізгі мақсаты болып белгіленді.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап еліміздің құқық қорғау және сот жүйесінде тұрақты түрде реформалар жүргізілуде.

Осы негізде қазіргі уақытта сот, прокуратура және құқық қорғау органдарында қылмыстық процестің үш буынды моделі жүзеге асырылуда.

Бірінші буын туралы айтсам, бұл жерде тергеу органдары қылмыстық процесте дәлелдемелерді жинақтайды және қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтайды.

Одан әрі іс бойынша негізгі шешімдерді, яғни адамды күдікті ретінде тану, оның іс-әрекетін саралау сияқты шешімдерді қабылдайды.

Екінші кезеңде прокуратура органдары осы негізгі шешімдерді дереу зерделеп, олардың заңдылығына тәуелсіз баға береді (бекітеді немесе бас тартады).

Нәтижесінде, қылмыстық істі сотқа жолдайды немесе іс жүргізуді тоқтатады.

Әрі қарай үшінші буын – ол сот органдары. Яғни, тергеу барысында жинақталған дәлелдемелер негізінде келіп түскен қылмыстық істер бойынша тиісті сот шешімі қабылданады.

Оған қоса жыл басынан бастап прокурорлар аса ауыр қылмыстық істермен айыптау актілерін жасақтауда. Келесі жылы бұл бүкіл сыбайлас жемқорлық санатындағы істермен жүргізіледі.

Аталған функция азаматтардың негізсіз қылмыстық қудалау орбитасына тартылуына жол бермейді.

Осындай тиімді қадағалау арқылы осы жылы облыстық прокуратурамен заңсыз шешімдерді келісуден бас тарту арқылы 100-ден астам адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына жол берілмеді.

Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында тағы бір жаңалық - 2023 жылдан бастап барлық азаптаулар туралы қылмыстық істер бойынша тергеудің арнайы прокурорлармен жүргізілуі.

 Бұл дегеніміз – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтарға тергеу барысында қысым көрсету фактілерін болдырмауға өз ықпалын тигізеді.

 Д.Умаргалиев,

БҚО прокуорының м.а 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале