24.04.2024, 12:14
Оқылды: 63

БҚО: су тасқынына қарсы күресте "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның 209 техникасы жұмылдырылды

Ол туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Дамир Тілеубаев айтты.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 11.59.33

Жалпы, облыс бойынша су тасқыны қаупі әлі де бар. Алайда қазір халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар мен құрылыстар үшін қауіп жоқ. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ БҚОФ өкілдерінің және қауіпті учаскелерде қызмет етуші мердігер ұйымдардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Дамир Тілеубаев атап өткендей, облыстың елді мекендерін су басудың алдын алу мақсатында өңірге республиканың түрлі өңірлерінен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалдарының 102 арнайы жол техникасы көшірілді, сондай-ақ іске асырылып жатқан күрделі жөндеу және реконструкциялау жобаларынан мердігерлік ұйымдардың 107 техникасы жұмылдырылды. Өңірде автогрейдерлер, бульдозерлер, тиегіштер, самосвалдар, экскаваторлар мен тралдар жұмыс істеп жатыр.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале